
24 сәуір 2025 жылы онлайн форматта Маңғыстау облысы білім басқармасының «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, Жаңаөзен политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Жұмысшы кәсібі – ел дамуының тірегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізіліп, мақсаты – студенттерге жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау, олардың ел экономикасы мен дамуына қосатын үлесін ғылыми тұрғыдан зерделеу және еңбекке деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференция барысында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Утебаев Талғат Төремұратұлы құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияға Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтарынан қатысушылар тартылып, жалпы 134 адам қамтылды. Қорытындысында үздік жұмыстар жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DI1cvk1ScWv/?igsh=MXJ3Mzc5cDhra3NsZw==
14:19
Толығырақ
WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында Сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3Тігін-22Б студенті Тойлы Аружан Мақсатқызы жеңімпаз атанды!
Оның шеберлігі мен шығармашылығы бұл биікке жеткізді. Аружанның жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, оның қажырлы еңбегінің нәтижесі!
Сонымен қатар, жетекшісі Исмаилова Асель Бақытқызына зор алғысымызды білдіреміз!
Жеңіс құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICE9iLhlg9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:06
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Бейне өндірісі құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3ТОРА-22Б студенті Тұрдықожа Бақтияр жеңімпаз атанды! Оның еңбекқорлығы мен шығармашылығы жаңа белестерге жетеледі. Бақтиярдың бұл жеңісі – біздің үлкен мақтанышымыз! Жеңіс құтты болсын!
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысы мәресіне жетті! Алтын медальді Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3ТОРА-22Б студенті Тұрдықожа Бақтияр иеленді! Бұл үлкен жетістік, әрі біздің колледж үшін үлкен мақтаныш! Бақтиярдың еңбекқорлығы мен таланты жеңіске жетеледі! Жетекшісі Алдабергенова Гүлзира Оразалықызы. Жеңісің құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICD5jGhFlN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:06
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Сандық
модельдеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3Тігін-22Б
студенті Қуанбай Мәриям Меңдібайқызы алтын медальмен жеңімпаз атанды!
Оның шеберлігі мен шығармашылығы бұл биікке
жеткізді. Мәриямның жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, оның қажырлы
еңбегінің нәтижесі!
Жетекшісі Көмекбаева Қазына Хожагелдіқызына да
зор алғысымызды білдіреміз!
Жеңіс құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICFyCNBEcQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:05
Толығырақ
WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында
Электромонтаж құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің
студенті Серсенбай Бақтияр Құралұлы жеңімпаз атанды! Оның
еңбекқорлығы мен шеберлігі ең жоғары деңгейде бағаланып, жеңіс тұғырынан
көрінді.
Бұл жетістіктің артында жетекшісі Таджибаева
Гүлдана Құралқызының біліктілігі мен ықпалы да бар.
Бақтиярдың жеңісі – біздің колледж үшін үлкен
қуаныш, өрлеу мен жетістік жолындағы тағы бір жеңіске толы қадам!
https://www.instagram.com/p/DICGYcghd6g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:04
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында
Мобильдік қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық
колледжінің студенті Нұрқасын Бекарыс Берикбайұлы күміс медальді иеленді! Оның терең білім мен шығармашылық ізденісі сайыс барысында жоғары
бағаланды.
Жетекшісі Алданов Бауыржан Жеңісұлының еңбегі
мен қолдауы Бекарысты бұл жеңіске жетеледі.
Бұл жеңіс – біздің колледждің үлкен мақтанышы,
жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол ашатын кезең! Жеңіс құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICHZLJSwus/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
18:03
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Бизнеске
арналған IT-шешімдер құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің
2Ақпарат-22Б студенті Кенжебай Адай Анварұлы үздік деп танылып, жоғары нәтижеге
қол жеткізді! Оның аналитикалық ойлау қабілеті мен инновациялық шешімдері сайыста
айрықша бағаланды.
Жетекшісі Алданов Бауыржан Жеңісұлының қолдауы
мен бағыт-бағдар беруі Адайдың бұл жеңіске жетуінде үлкен рөл атқарды.
Кенжебай Адай Анварұлының бұл жеңісі – біздің
колледждің үлкен жетістігі, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын басқыш! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICIuqVBzC4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:02
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында
Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен
политехникалық колледжінің 1БҚ-24Б студенті Орысбай Ердаулет Еңсегенұлы қола
медальді иеленді! Оның шеберлігі мен таланты сайыстың ең жоғары талаптарына толықтай
жауап берді.
Жетекшісі Бекмембетова Хадиша Өтегенқызының
білімі мен бағыт-бағдары Ердаулеттің бұл жетістікке жетуіне көмектесті.
Орысбай Ердәулет – біздің колледжіміздің мақтанышы,
оның қажырлы еңбегі мен шығармашылығының жемісі! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICIN2BhT1H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:02
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Веб
технология құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті
Сатыбалды Бекмұрат Сәрсенбайұлы қола медальді иеленді! Оның
шығармашылық қабілеті мен техникалық дағдылары сайысқа жоғары бағаланды.
Жетекшісі Таджибаева Гүлдана Құралқызының
қолдауы мен бағыт-бағдар беруі Бекмұраттың бұл жетістікке жетуіне көмектесті.
Сатыбалды Бекмұраттың қола медалі – біздің
колледждің мақтанышы, ұмтылыс пен еңбекқорлықтың нәтижесі! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICJJtRhKK1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:01
Толығырақ
WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында “Өндірістік автоматика” құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Әбдіхан Мұхаммедәли үздік маман атанды!
Оның терең білімі мен шеберлігі сайыс барысында айрықша бағаланды.
Жетекшісі Балхаева Гаухар Науанқызының жетекшілігі мен қолдауы Мұхаммедәлидің бұл жетістікке жетуіне маңызды рөл атқарды.
Әбдіхан Мұхаммедәлидің бұл жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, өрлеу мен даму жолындағы тағы бір қадам! Жеңіс құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICJqZfhA2j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:00
Толығырақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер









