Бүгін 1 қазан-қарттар күнімен құттықтап, "Қарты бар үйдің қазынасы бар"дегендей 89 жастағы Отарбаева Ақзер әженің үйіне барып,мерекесімен құттықтап,мерекелік көңіл-күй сыйладық.Колледж басшысы Болатбаева Тілектес Аманқосқызы 1 курс студенттері және ұстаздармен бірге әжемен әңгімелесіп,ақ батасын алдық.
https://www.instagram.com/reel/DPRlzM4gS03/?igsh=MWJyZDV5YWh1cHlyYQ==
09:17
Толығырақ
Осындай тақырыпта Жаңаөзен политехникалық колледжінде ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жастармен кездесті. Ақпараттық түсіндіру тобының құрамында қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Калиева, Рахат ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Аманов, теолог Б.Жұмағазиев, құмық этносының өкілі, ардагер-бұрғышы М.Юнусов, сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Болысова болды.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты- Политехникалық колледжіндегі тіл апталығы аясында этностар арасындағы бірлік пен келісімді, мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту, Президент Жолдауында айтылған халық татулығы мен еліміздегі ішкі тұрақты ахуалды сақтай отырып, қиындықтарды бірлікте еңсеруге үлес қосу.
Кездесу барысында АТТ мүшелері жиналған студенттерге ұлттар достығының, татулық пен бірліктің, ынтымақ пен жасампаздықтың маңыздылығын атап өтіп, бірлік мәңгі жасай берсін деген тілектермен қорытыланды.
https://www.instagram.com/reel/DPCTRS2jHpJ/?igsh=MXkyY3hyczI4eDh2ZQ==
09:16
Толығырақ
«Еңбек ерлері – көзге көрінбейтін қаһармандар» тақырыбында ардагер мұнайшы Өтебаев Майлыбай Өтебайұлымен тағылымды кездесу өтті.
Ардагер өз еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық пен төзімділік секілді құндылықтарды дәріптеді.
Кездесу студенттерге еңбек адамын құрметтеудің, олардың қоғамдағы орны мен үлесін бағалаудың маңызын түсіндірді.
https://www.instagram.com/reel/DPCVhxfEdRj/?igsh=ajVuOWVlb2RseDM1
09:15
Толығырақ
Маңғыстау өңірінің танымал ақындары Сабыр Адай мен Ғалым Әріптің шығармашылығына арналған «Сөз маржаны» атты мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті.
Сайысқа 1-курс студенттері – КО, Әлеуметтік, Тора мамандықтары бойынша білім алушылар қатысып, өздерінің шешендік өнері мен ақындық туындыларды терең түсіну қабілеттерін көрсетті.
Шараның ұйымдастырушысы – Таджединова Құралай Кестенқызы.
Бұл сайыс жас буынның әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жер ақындарының мұрасын дәріптеуге бағытталды.
Маңғыстау өңірінің танымал ақындары Сабыр Адай мен Ғалым Әріптің шығармашылығына арналған «Сөз маржаны» атты мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті.
Сайысқа 1-курс студенттері – КО, Әлеуметтік, Тора мамандықтары бойынша білім алушылар қатысып, өздерінің шешендік өнері мен ақындық туындыларды терең түсіну қабілеттерін көрсетті.
Шараның ұйымдастырушысы – Таджединова Құралай Кестенқызы.
Бұл сайыс жас буынның әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жер ақындарының мұрасын дәріптеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DO_RjoJCP3u/?igsh=NnQ0N2toa2Mxbjcw
09:12
Толығырақ
«КИБЕРБУЛЛИНГ ЖӘНЕ БУЛЛИНГ» тақырыбы бойынша Жаңаөзен қаласы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанті Суйрибаев Азамат Курманбаевич және ПБ ЕҚІСТ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Аманбек Нұрлыбек Жолдасбайұлымен колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуде Буллинг пен кибербуллинг – жай ғана келіспеушілік немесе әзіл емес. Бұл – адамның өміріне, болашағына үлкен әсер ететін, ауыр зардабы бар әрекет. Сондықтан әрбір студент, әрбір ұстаз, ата-ана бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Біз барлығымыз бір-бірімізді құрметтеуді, түсінуді үйренуіміз керек. Егер сен біреудің қиын жағдайда жүргенін байқасаң – көмек қолын соз. Ал егер өзің сондай жағдайға тап болсаң – жалғыз қалма, сөйлес, көмек сұра. Үнсіз қалмау – бұл зорлық-зомбылықты тоқтатудың алғашқы қадамы. Ұйымдастырушы: Несіпбаева Ж.А.
https://www.instagram.com/reel/DO-zIx9Cfiy/?igsh=ZGkyMTl4bzQzbHBl
09:06
Толығырақ
Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білімді дамытуға баса назар аударды. Осы бастаманың аясында Түркі әлемінің мәдени астанасы – Ақтау қаласы тарихында тұңғыш рет TurkicSkills I халықаралық чемпионатына куә болмақ.
TurkicSkills – түркітілдес елдердің талантты жастарын тоғыстыратын жаңа алаң. Бұл чемпионаттың мақсаты –
• жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау,
• халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу,
• еңбек нарығына дайын жаңа буын қалыптастыру.
Жоба WorldSkills International, WorldSkills Europe, WorldSkills Asia сияқты әлемге әйгілі қозғалыстардың баламасы ретінде жасалды.
Чемпионатқа Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан:
• 70-тен астам қатысушы,
• 90-ға жуық кәсіби сарапшы,
• 5000-нан аса қонақ жиналады деп күтілуде.
Байқау 10 құзыреттілік бойынша өтеді:
• сән технологиялары
• аспаздық іс ️
• дәнекерлеу
• сантехника және жылыту
• электромонтаждық жұмыстар
• автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету
• веб-технология
• графикалық дизайн
• бизнеске арналған IT шешімдер
• ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару ️
TurkicSkills 2025 – кәсіби мамандардың жаңа дәуірін бастаушы мерейлі шара болмақ!
https://www.instagram.com/reel/DO8v5JpAFlA/?igsh=Y2FzbHM0eG5xejRo
17:26
Толығырақ
Қазақстан халқы тілдері күндеріне арналған «Тіл — достықтың кепілі» атты тілдер апталығының ашылуы өтті.
Шараны Жаңаөзен политехникалық колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байкүренова Гүлжанат Хасанқызы ашып берді.
Апталықтың жоспарымен Жаңаөзен политехникалық колледж басшысының оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары Калимова Жаннұр Бейбітовна таныстырып, ұстаздарға студенттерге сәттілік тіледі.
Мақсаты:
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
- Үштілділікті насихаттау
- Студенттерді тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу
- Ұлттар достығын нығайту
https://www.instagram.com/reel/DO8r-JfCfLG/?igsh=NjZtZ2pxaGIweWFv
17:25
Толығырақ
Жаңаөзен политехникалық колледжі мен Жаңаөзен
қаласы полиция басқармасы бірігіп, көше бойындағы нашақорлықты насихаттайтын
жасырын граффити жарнамаларға қарсы күрес жүргізді.
Бұл игі іске колледж басшысының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Алдабергенова Г.О., арнайы пән оқытушысы Мұратов А.А. және
учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Рахманбердиев С.Қ. ІІІ
крус студенттермен бірге атсалысты.
Студенттер қолына щетка мен бояу алып, қала көшелерін зиянды жарнамадан
тазартты. Бұл – тек қабырға бояу емес, бұл – есірткіге қарсы жастардың үндеуі,
адамзатқа жолдаған месседжі!
Бұл
шара – жай акция емес, қоғамдық жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі.
https://www.instagram.com/reel/DOygpEsiA-z/?igsh=MTRwbnMycnV0bXc0Mw==
17:23
Толығырақ
18.09.2025 жылы Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес Оқытушылардың портфолио құжаттарын жинақтау және өзін өзі жетілдіру жоспарын толтыру атты семинар өткізілді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытушының кәсіби тұрғыда үнемі жетіліп тұру үшін жылдық өзін-өзі жетілдіру жоспарын жасақтау бойынша түсіндірме жүргізілді. Жоспарда оқытушының өзі жұмыстанатын әдістемелік тақырыбын, жыл бойы қатысатын семинар, конференция, конкурстар тізімін, студенттермен ғылыми жұмыстарын жоспарлайды. Әдістемелік бөлім ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы 514 бұйрығын “Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы” негізге алу керектігін ерекше атап өтті.
Педагог жетістіктерінің визит карточкасы портфолио. Оны заманауи технологияларды қолданып, сапалы жасау әр оқытушыға міндетті. Портфолио ақпаратын үнемі өзектендіріп, жаңашылдық енгізу ұсынылды. Портфолио құрылымын жеке жеке түсіндіріп, болашақта конкурстарға ұсыну керектігін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DO-vxm9DPUn/?igsh=MXU0c2hyczdqNGVxMQ==
09:01
Толығырақ
https://www.instagram.com/p/DOs9pfiiL09/?igsh=a2hjZ2xxZGwwemUw
17:21
Толығырақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны