Тәлімгерлер апталығы аясында семинар-практикум өтті

Бүгін Жаңаөзен политехникалық колледжінде

«Білім алушылардың кәсіби-тұлғалық дағдыларын қалыптастыру құралдары»

тақырыбында тәлімгерлер апталығының ашылуы өтті.

Апталық аясында алғашқы семинар-практикум

«КӘСІБИ ДАМУ ЖӘНЕ

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ

АЛУЫ»

тақырыбында ұйымдастырылып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,

үздіксіз білім алу мәдениетін дамыту және студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру бағытында өтті.

Семинар барысында қатысушылар:

– кәсіби дамудың маңызын талқылады;

– жеке даму жоспарын құрды;

– цифрлық құралдар мен онлайн платформалармен танысты;

– заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды.

Іс-шара оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттырып,

өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен шабыт алуға мүмкіндік берді.

Мықты ұстаз – үнемі ізденісте жүретін ұстаз! 

https://www.instagram.com/p/DQCSrgoDKDA/?igsh=bzBvYXg4M29pMW96 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны