Оқытушы портфолиосы – кәсіби шеберліктің көрсеткіші

18.09.2025 жылы Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес Оқытушылардың портфолио құжаттарын жинақтау және өзін өзі жетілдіру жоспарын толтыру атты семинар өткізілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытушының кәсіби тұрғыда үнемі жетіліп тұру үшін жылдық өзін-өзі жетілдіру жоспарын жасақтау бойынша түсіндірме жүргізілді. Жоспарда оқытушының өзі жұмыстанатын әдістемелік тақырыбын, жыл бойы қатысатын семинар, конференция, конкурстар тізімін, студенттермен ғылыми жұмыстарын жоспарлайды. Әдістемелік бөлім ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы 514 бұйрығын “Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы” негізге алу керектігін ерекше атап өтті.

Педагог жетістіктерінің визит карточкасы портфолио. Оны заманауи технологияларды қолданып, сапалы жасау әр оқытушыға міндетті. Портфолио ақпаратын үнемі өзектендіріп, жаңашылдық енгізу ұсынылды. Портфолио құрылымын жеке жеке түсіндіріп, болашақта конкурстарға ұсыну керектігін атап өтті. 

https://www.instagram.com/p/DO-vxm9DPUn/?igsh=MXU0c2hyczdqNGVxMQ== 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны