Облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум

Жаңаөзен политехникалық колледжінде
*2025 жылғы 19 мамыр*
*Облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум*
*Тақырып:* *«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас»*
*«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында*

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Жаңаөзен политехникалық колледжінің бірлесуімен өткен семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

*Мақсаты:*
Ұлттық салт-дәстүрлерді заманауи білім беру кеңістігіне енгізу, тәрбие үдерісінде тиімді қолдану, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

*Ерекшелігі:*
Облыстағы колледждердің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, білім берудегі сабақтастықты арттырды.

*Шеберлік сабақтар және тәжірибе алмасу:*
Қазақтың салт-дәстүрін әлемдік деңгейде дәріптеуге бағытталған заманауи әдістермен тәжірибе бөлісу мақсатында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік, Қарақия кәсіптік, «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық, Ақтау технологиялық колледждерінің педагогтері, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы №21 ЖОББ мектебі, Құрық ауылы «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы», №19 мектеп-гимназиясының ұстаздары өз шеберліктерін көрсетті.

*Ұлттық киімдер көрсетілімі:*
Колледж педагогтері дайындаған ұлттық киімдер топтамасы көрермен назарына ұсынылып, үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шараға Жаңаөзен политехникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері – қаланың белді тігін шеберханалары, Рахат ауданының әкімі және Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы қатысты.  

https://www.instagram.com/reel/DJ4730OMgev/?igsh=dGxyYmUybG5iM3Yx 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны