ҚХА 30 ЖЫЛ: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Осындай тақырыпта Жаңаөзен политехникалық колледжінде ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жастармен кездесті. Ақпараттық түсіндіру тобының құрамында қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Калиева, Рахат ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Аманов, теолог Б.Жұмағазиев, құмық этносының өкілі, ардагер-бұрғышы М.Юнусов, сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Болысова болды.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты- Политехникалық колледжіндегі тіл апталығы аясында этностар арасындағы бірлік пен келісімді, мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту, Президент Жолдауында айтылған халық татулығы мен еліміздегі ішкі тұрақты ахуалды сақтай отырып, қиындықтарды бірлікте еңсеруге үлес қосу.
Кездесу барысында АТТ мүшелері жиналған студенттерге ұлттар достығының, татулық пен бірліктің, ынтымақ пен жасампаздықтың маңыздылығын атап өтіп, бірлік мәңгі жасай берсін деген тілектермен қорытыланды.
https://www.instagram.com/reel/DPCTRS2jHpJ/?igsh=MXkyY3hyczI4eDh2ZQ==
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер