Жаңаөзенде «IT BRIDGE» жастар форумы өтті

Бүгін Жаңаөзен политехникалық колледжінің және Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы, MangуstauHUB ұйымдастыруымен ІТ BRIDGE жастар форумы өтті.

Шара мақсаты: жастар мен IT саласының мамандары арасында байланыс орнату, тәжірибе алмасу, стартап жобаларды қолдау арқылы жас буынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар жүргізу.

ІТ саласының жаңа авторлық жобалары таныстырылды:

JobNavigator - кәсіби бағдар беру платформасы, UstazAI оқытушы көмекші құралы, PolytechBot - колледж жұмысын оңтайландыруға арналған бот, OzenGo стартап жоба, SmartKiiz Ui жобасы, VR/AR арқылы автомеханик жұмысын таныстыру.

Шарада AllFood, MangystauHUB компанияларынвң мамандары сөз сөйлеп,өз ойларымен бөлісті.

Студенттер Alaman code, IT QUEST бағдарламалау тапсырмаларын орындап өздерінің бағдарламалау дағдыларын көрсетті.

Форум форматы көрме, IdeaPitching, Q&A, JopFair, VR/AR zone, DigitalQabyrga алаңдары арқылы өтті.

Қатысушы жастар,өз ой пікірлерімен бөлісіп, спикерлерден мотивациялық бағыт бағдар ала білді.

Жұмыс берушілер келіп, жастардың резюмелері мен жасаған жұмыстарын қарап, жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылды.

«IT BRIDGE» – бұл тек форум емес, бұл жастардың болашаққа жасаған алғашқы қадамдары!

#ITBridgeForum #ITForumZhanaozen2026

https://www.facebook.com/share/v/1DKxWgLbDM/ 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны