Жаңаөзен политехникалық колледжінде “Мен кәсіпкермін” гранд турнирі өтті

17 қазан 2025 жылы Жаңаөзен политехникалық колледжінде “Мен кәсіпкермін” гранд турнир ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты: колледждің жас буынының кәсіпкерлік бастамасын қолдау және дамыту; кәсіпкерлікті дәріптеу

Колледж студенттері өндіріс, туризм, білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар, дизайн (түрлері), креативті индустриялар бағыттары бойынша өз стартап жобаларын ұсынды. Студенттердің белсенділігі мен жобаны дайындаудағы ерекше дайындықты атап өтуге болады. Үздік деп танылған жобалар турнирдің облыстық кезеңіне жолданады. Жеңімпаздар: “JETFOOD” Ильясов Ғалымжан 2БҚ-24Б тобы, ReFashion Алиева Аделя 3Тігін-23Б тобы, Mangystau Adventure Шигебаева Үміт 1әлеумет-25Б тобы. Облыстық кезеңге жолдама алған студенттерге сәттілік! 

https://www.instagram.com/reel/DQCPusuj3mK/?igsh=czM3a2s3aGs5Y3B2 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны